Тұщықұдық ауылының 91 жастағы тұрғыны Есенгинжина Набира әже жасының үлкендігіне қарамастан №130 сайлау учаскесіне арнайы өзі келіп, азаматтық таңдауын жасады.
Қарт сайлаушы ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз дауысын берді. Набира әженің бұл қадамы – кейінгі ұрпақтың жарқын болашағына деген сенімінің, ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымының айқын көрінісі.
91 жасқа келген ақ жаулықты әженің сайлау учаскесіне өз аяғымен келіп, таңдау жасауы – көпке үлгі боларлық өнеге.
Сағыныш Қайыр


