Адал ұстаным – әділ қоғамның бастауы

 

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне және қоғамдағы әділдік қағидаттарына кері әсер ететін күрделі әлеуметтік құбылыс. Сондықтан онымен күрес тек құқық бұзушылықтарды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартумен шектелмей, оның алдын алуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Бұл мәдениет әр азаматтың заңсыз әрекетті қалыпты құбылыс ретінде қабылдамауынан басталады. «Мәселені ақша немесе таныс арқылы шешу» сияқты түсініктерге немқұрайлы қарау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады. Сондықтан құқықтық сауаттылықпен қатар, заң талаптарын сақтауға деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру маңызды. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың да міндеті зор. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын, қызмет сапасын арттыруды, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтауын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда азамат пен мемлекеттік қызметші арасындағы қарым-қатынастың маңызы ерекше. Азамат мемлекеттік органнан заңдылықты, әділдік пен объективтілікті күтеді. Өтінішті уақытылы қарау, заң талаптарын түсіндіру, азаматқа құрметпен қарау және қызметтік өкілеттікті жеке мүддеге пайдаланбау – адал мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары. Осы бағытта Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адалдық қағидаттарын ілгерілету, мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша кездесулер мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Бұл жұмыстарға облыстың ауылдық округтері, бизнес-қоғамдастық пен комплаенс қызметтерінің өкілдері, жастар, мемлекеттік органдар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері тартылды. Бірінші жартыжылдықта жалпы 200-ге жуық іс-шара өткізіліп, 11 мыңға жуық адам қамтылды. Кездесулер барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын ұстануы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғаммен тиімді кері байланыс орнату мәселелері түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жалғасты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарын насихаттау бағытында мақалалар жарияланып, облыстық телеарналарда сұхбаттар мен сюжеттер эфирге шығарылды. Мұндай ақпараттық сүйемелдеу азаматтардың өз құқықтарын білуіне, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсінуіне және заңсыз әрекетке тап болған жағдайда тиісті орындарға жүгінуіне мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бір реттік акциямен қалыптаспайды. Бұл – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуді және әр адамның заң талаптарын сақтауға деген жауапкершілігін күшейтуді қажет ететін жүйелі үдеріс. Мұнда мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы кері байланыстың маңызы зор. Ашық диалог нақты мәселелерді дер кезінде анықтап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіруге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Тұрғындардың ұсыныстары мен қоғамдық бастамалары да мемлекеттік органдар жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оларды шешуге ықпал етеді. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы азаматтармен кері байланысты нығайтуға көңіл бөледі. Тұрғындар мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты пікірлері мен ұсыныстарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бастамаларын жолдай алады. Бұл ұсыныстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бағыттарында ескеріледі. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде заңдылық, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын ұстануы тиіс. Қызметтік  өкілеттікті  жеке мүддеге пайдаланбау, азаматтардың өтініштерін объективті қарау және шешім қабылдауда бейтараптық сақтау – мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайтудың маңызды шарттары. Азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты ұсыныстары мен бастамаларын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасына жолдауға болады. Мекенжайы: Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 419. Байланыс телефондары: 8 (7122) 52-28-62, 8 (7122) 52-28-06.

Иә, адал қоғам құру бүкіл қоғамның ор-тақ жауапкершілігі екенін есте сақтайық.

Күнсұлу ЕРМЕКОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT