Біздің қоғамдағы қоғамдық ұйымдар да белсенділіктің бір барометрі десек болғандай. Олардың елдік істерде де ешқашан сырт қалмайтынын естіп-біліп те, көріп те келеміз. Солардың бірі - ауылдардағы Аналар кеңестері.
Тұшықұдық ауылындағы №131 сайлау учаскесінде Ғалия Есенгенжина жетекшілік ететін ауылдық аналар кеңесі мүшелерінің бір тобы өз белсенділіктерін тағы да танытып, референдумдағы таңдауларын жасады.
-Жалпы, бұл науқан барысында 1392 дауыс беруші тіркелген учаскемізде дауыс берушілер легі үзілген жоқ деуге болады. Қазір сағат 11-ге дейін 105 дауыс беруші өз құқықтарын жүзеге асырды. Барлық дауыс берушілердің кедергісіз өз таңдауларын жасауына толлық жағдайлар жасалған. Отбасылары болып та, ұжымнан, ұйымдардан топ-топ болып келіп таңдауын жасаушылар бар. Солардың қатарындағы ақ тілеулі аналарымыздың өз таңдауларын жасап, өзгелерге үлгі көрсетуі құптарлық болды деп есептеймін,-дейді комиссия төрағасы Жасұлан Алипов.
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

