Аққыстау ауылы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

 

Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне Лұхпанов Аябек Қуандықұлы тағайындалды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес өткен тағайындаудан кейін жаңа қызмет иесін ауылдық округ әкімі Ерболат Махашов ұжымға таныстырып, жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Әкім өз сөзінде ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді шешуде тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, әр іске жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті.

Аққыстау ауылдық округінде атқарылар жұмыс аз емес. Халықтың күнделікті тұрмысымен байланысты мәселелерден бастап, елді мекеннің көркеюі мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстардың барлығы жүйелі үйлестіруді қажет етеді. Осы орайда жаңа орынбасарға алдағы міндеттерді тиянақты атқарып, тұрғындардың ұсыныс-тілегіне құлақ асып, ортақ іске белсенді араласу тапсырылды.

Ұжым мүшелері де жаңа қызмет иесіне ақжолтай тілектерін жеткізіп, жұмысына табыс тіледі. Өз кезегінде Аябек Қуандықұлы көрсетілген сенім үдесінен шығуға, ауыл тұрғындарының игілігі жолындағы жұмыстарға жауапкершілікпен атсалысуға ниетті екенін білдірді.

 

Өз тілшіміз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT