Аққыстау ауылындағы Абай атындағы орта мектепте Жаңа Конституция жобасы таныстырылды

 

Бүгін Коалиция мүшелері Аққыстау ауылы  Абай атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын кеңінен таныстырды. 

Ашық форматта өткен басқосу барысында қатысушылар ұсынылған өзгерістердің мазмұны мен маңызына егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу барысында жаңартылған Негізгі заңның елдің тұрақты дамуына жол ашып, заң үстемдігін нығайтуға және құқықтық мәдениетті көтеруге ықпал ететіні айтылды.

 

 

Мекеме қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарын жолдап, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Ұжым өкілдері Жаңа Конституция бастамасын қолдайтындарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT