Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау күні Аққыстау ауылдық округіндегі №133 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтіп жатыр. Таң атқаннан-ақ учаскеге келген тұрғындар өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

№133 сайлау учаскесінің төрағасы Айболат Абдоловтың айтуынша, учаскеде барлығы 1396 сайлаушы тіркелген. Оның сөзінше, дауыс берудің алғашқы сағаттарынан-ақ тұрғындардың белсенділігі байқалған.

Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып, тұрғындар өз кезегімен бюллетень алып, таңдауларын жасауда. Сайлау барысын байқаушылар да бақылауда.



