АҚҚЫСТАУДА САЙЛАУШЫЛАРҒА ТЕГІН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

Бүгін, 23 тамыз – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау күні. Аққыстау ауылында тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік жасау мақсатында тегін қоғамдық көлік қатынасы ұйымдастырылды.

Сайлау күні ауылішілік қоғамдық көліктер тұрғындарға үш бағыт бойынша тегін қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, №А1 маршрут – Сельхозтехника бағытына, №А2 маршрут – Қаратүбек бағытына, ал №А3 маршрут – Өркен бағытына қатынайды.

Аталған бағыттар ауылдың әр бөлігін қамтып, сайлаушылардың дауыс беру учаскелеріне уақытылы жетуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Тұрғындар қоғамдық көлік қызметін ақысыз пайдаланып, өздеріне тиесілі сайлау учаскесіне бара алады.

«Тегін маршруттардың ұйымдастырылуы – сайлаушылар үшін жасалған қолайлы жағдайлардың бірі. Бұл әсіресе ауылдың шалғайлау бөліктерінде тұратын тұрғындардың сайлау учаскелеріне жетуін жеңілдетуге бағытталған»,-дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.  Аққыстау ауылдық округіне қарасты 6 сайлау учаскесі бар онда барлығы 6015 сайлаушы тіркелген.

Әсел ТАБИҒАТОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT