Аққыстаудағы сенбілікте 4 тоннаға жуық қоқыс жиналды

 

Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан орталығы Аққыстау ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны маңында тазалық сенбілігі ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына округ аумағындағы мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Жалпы сенбілікке 24 мекемеден 83 адам қатысып, жұмыстарды жүргізуге 4 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында полигон маңы мен оның айналасы тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы техника арқылы шығарылды. Нәтижесінде 4 тоннаға жуық қоқыс жиналып, белгіленген орынға жеткізілді.

Бұл шара ауыл аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да табиғатты қорғау, ауыл аумағын таза әрі көрікті ұстау мақсатында осындай тазалық шаралары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT