Аққыстаулық жас жұбайлар тойы күні таңдауларын жасады

 

Ерсұлтан Хатапов пен Жанаргүл Орынғалиева той күнін осыдан бес ай бұрын белгілеген. Құрылтай депутаттарын сайлау күніне тұспа-тұс келген қуанышты күнде жас жұбайлар алдымен некелерін заңды түрде рәсімдеп, неке куәлігін қолдарына алды. Одан кейін сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге қатысты.

Отау көтеріп, жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлар үшін бұл күннің мәні осылайша еселене түсті. Бір жағынан – отбасы құруға қатысты маңызды шешім қабылдаса, екінші жағынан – ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Жас отбасы үшін қуаныш пен жауапкершілік қатар өрілген бұл күн олардың өміріндегі есте қаларлық ерекше күндердің біріне айналды. Сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасаған Ерсұлтан мен Жанаргүл ел ертеңіне бейжай қарамайтынын көрсетті.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT