Алатау бөктерінде азаматтық міндетін атқарды

 

Исатай аудандық мәслихатының төрағасы Аманжол Рахметов те бүгінгі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауын жасады. Ол бұл жолы туған жердің төрінде емес, Алатаудың бөктерінде дауыс беру мүмкіндігі туғанын атап өтті.

Аманжол Рахметовтің айтуынша, қай жерде жүрсе де, ел азаматы үшін өз таңдауын білдіру – маңызды міндет. Сондықтан Атырау өңірінен жырақта жүргеніне қарамастан, сайлау учаскесіне барып, азаматтық ұстанымын білдірді.

 

 

– Бүгін туған жердің төрінде емес, Алатаудың бөктерінде дауыс беру мүмкіндігі туды. Атыраудан келген қонақтар ретінде біз мұнда жылы қабылдаудың куәсі болдық. Сайлау учаскесіндегі ұйымдастыру жұмыстары да жоғары деңгейде жүргізілгенін көріп отырмыз. Ел болашағына қатысты маңызды мәселелерде әр азаматтың белсенділігі маңызды деп ойлаймын. Сондықтан өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындадым, – деді ол.

Ол сондай-ақ сайлау науқанының ел азаматтарының ортақ жауапкершілігін арттырып, қоғамдық белсенділікті күшейтетін маңызды кезең екенін атап өтті. Туған жерден алыста жүрсе де, ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамай, өз таңдауын жасау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT