Аққыстау ауылдық округіндегі Аққыстау орта мектебінде орналасқан №133 сайлау учаскесінде алғашқы сайлаушы өз таңдауын жасады.
Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Насимуллин учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда алғаш болып дауыс берді.
– Бұған дейін де сайлау науқандарына қатысып, өз таңдауымды жасап келемін. Бүгін де азаматтық міндетімді орындап, дауыс бердім. Елдің саяси өміріне атсалысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі деп білемін,-деді ардагер.

№133 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Айболат Абдоловтың айтуынша, учаскеде 1396 сайлаушы тіркелген.
Сайлаушылардың учаскеге кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен Аққыстау ауылында тегін автобус маршруты ұйымдастырылды. Қоғамдық көлік Сельхозтехника, Қаратүбек және Өркен бағыттары бойынша қатынайды.
Еркебұлан Зинеденов



