«AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалында – жаңа атқарушы хатшы

 

Бүгін «AMANAT» партиясының Исатай аудандық филиалында партиялық актив жиыны өтіп, маңызды кадрлық өзгеріс жария етілді. Жиында партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қуантай Бисалиев аудандық филиалдың жаңа атқарушы хатшысы болып тағайындалған Бақытгүл Сапарғожиеваны таныстырды.

Бақытгүл Талғатқызы 1984 жылы 9 қыркүйекте Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжін «Ақпараттық техник» мамандығы бойынша, ал 2025 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

 

Еңбек жолын Исатай аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкері ретінде бастап, аталған мекемеде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылдан бастап аудандық әкімдіктің халықты жұмыспен қамту орталығында маман, ассистент ретінде еңбек етті. 

2023 жылдан бастап күні кешегі ге дейін аудандық Мансап орталығының басшысы қызметін абыроймен атқарды.

 

 

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап сайлау учаскелеріндегі тәуелсіз байқаушылардың жұмысын ұйымдастырушы, байқаушылар капитаны ретінде белсенділік танытты. Сол жылдан бері партияның белсенді мүшесі.

 

 

Жиында сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов филиалдың жаңа атқарушы хатшысына сенім білдіріп, ұжыммен тиімді жұмыс істей алатын, жауапкершілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті қалыптасқан білікті маман екендігін тілге тиек етті. 

Жиынға қатысушы мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңестің ардагерлері де жылы лебізін жеткізіп, тілектестігін білдірді.

 


Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT