Амангелді Набиев: «Мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беруге толық мүмкіндік жасалған»

 

«Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің Исатай ауданындағы өкілі, І топ мүгедектігі бар азамат әрі қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын Амангелді Набиев №140 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Азаматтық ұстанымын білдірген Амангелді Набиев сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін барлық жағдайдың жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, сайлау учаскесінде пандус, еркін кіріп-шығуға және дауыс беруге қажетті жағдайлар қарастырылған.

«Мүгедектігі бар азаматтардың да қоғам өміріне белсенді араласуы маңызды. Бүгінде біз үшін дауыс беруге, өз азаматтық құқығымызды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалып отыр. Бұл – әр азаматтың таңдауын еркін білдіруіне жол ашатын маңызды қадам», – деді Амангелді Набиев.

№140 сайлау учаскесінде барлығы 1226 сайлаушы тіркелген. Учаскеде дауыс беру науқаны белгіленген тәртіппен жалғасуда.

Амангелді Набиевтің сайлауға қатысуы – қоғамның әр мүшесінің азаматтық таңдау жасауға құқығы бар екенін көрсететін маңызды мысал.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT