Аудандық “Жалын” мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орй «Ана – ардақты есім» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік шара жерлесіміз Мұстахим Харенұлының «Анаға тілек» әнімен бастау алды.
Салтанатты жиынның алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Нұрым Мусин, әйелдердің қоғам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматшаларға алғысын білдірді.

Мереке аясында бірқатар салада абыройлы еңбек етіп жүрген нәзік жандылар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Атап айтқанда: аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің іс жүргізу бөлімшесінің басшысы Күләш Шаймарданова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының шаруашылық меңгерушісі Тілекші Марданова, Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының тазалықшысы Гапура Сұлтанғалиева, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК бақылаушысы Клара Галимова, Новобогат орта мектебінің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі, педагог-сарапшы Әсел Салауатова және аудандық «Нарын таңы» газеті редакциясының “Naryntany.kz” сайтының веб-редакторы Әсел Табиғатқызы мерекелік марапатқа ие болды

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Жәнібек Ещанов та мерекелік құттықтауын жеткізіп, бірқатар азаматшаларға Алғыс хат табыс етті марапаттады.

Олардың қатарында: Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратының тазалықшысы Сәуле Елешова, Зинеден ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізушісі Роза Атантаева, «QAZAQGAZAIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалы Исатай газ шаруашылығының технигі Қалиса Дәулетқалиева, Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Ақмарал Өтебаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Исатай аудандық бөлімінің бас маман-менторы Жұлдыз Әмірғалиева, Тұщықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізушісі Альбина Оңайбаева бар.

Салтанатты шараның жалғасы мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары аналар мен қыз-келіншектердің құрметіне әуелетіп ән салып, күмбірлеген күй шертіп, мың бұралған би ұсынды.

Еркебұлан ЗИНЕДЕН

