Атыраудан жеткен Қамысқала ардагерлері елдік іске үлес қосты

 

Атырау қаласында тұратын Қамысқала ауылының ардагерлері елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқан – референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын білдірді. Олар өз учаскелерінен алған есептен шығу талондарын пайдаланып, дауыс беруге мүмкіндік алды.

Бұл әрекет — Ата Заңымыздың әрбір азаматқа берген құқығын жүзеге асырудың айқын мысалы. Ел болашағына жауапкершілікпен қатысқан ардагерлер жастарға үлгі көрсетті.

Осылайша, дауыс беруші азаматтар Зайдуллин Жайдарбек пен Мырзағалиева Мнура өз пікірлерін білдіріп қана қоймай, азаматтық ұстанымның маңыздылығын көрсетіп, елдің дамуына қосқан үлесін паш етті.

Референдум — әрбір азаматқа өз болашағына, қоғам мен мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етуге мүмкіндік беретін маңызды саяси іс-шара. Қамысқала ардагерлері дәл осы ұстанымды іс жүзінде көрсетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT