Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау күні №139 сайлау учаскесінде дауыс беру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Таңмен таласа сайлау учаскесіне келген аудан әкімі Нұрым Мусин өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға қатысты.
– Бүгін – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын күн. Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық белсенділігін танытқаны жөн. Мен де өз таңдауымды жасап, елдік іске өз үлесімді қостым, – деді Нұрым Мусин.
№139 сайлау учаскесінде жалпы 952 дауыс беруші тіркелген. Учаскеде азаматтардың өз таңдауын еркін әрі заң талаптарына сәйкес жасауы үшін барлық жағдай қарастырылған.
Сайлау – әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды қоғамдық науқан. Сондықтан бүгінгі әрбір дауыс – елдің ертеңіне жасалған таңдау.



