Ауданда 232 түп тал көшеті отырғызылды

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық республикалық тұжырымдамасы аясында ауданда кезекті көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Игі бастаманы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жүзеге асырды. Шара барысында аудан аумағына барлығы 232 түп тал көшеті отырғызылды. Бұл жұмыстар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, елді мекендердің көркін арттырып, жасыл желекті көбейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

 

 

Бөлім басшысы Нұрбол Жампейсовтың айтуынша, егілген көшеттердің 150 түбі Нарын ауылына, ал 82 түбі аудан орталығы Аққыстау ауылына орналастырылған. Оның ішінде 30 түп арша (можжевельник) пен 52 түп ясин ағашы егілді. Мамандардың сөзінше, бұл ағаш түрлері өңірдің климаттық ерекшелігіне бейімделген әрі қоршаған ортаға пайдасы мол көшеттер саналады.

 

 

Көгалдандыру жұмыстары әсіресе аудан орталығы Аққыстауда кең көлемде жүргізілді. Егемен Қазақстан көшесінің бойы мен әлеуметтік маңызы бар нысандар маңы жаңа көшеттермен толықты. Табиғат жанашырлығын дәріптеген шараға аудан әкімі бастаған мемлекеттік қызметкерлер белсенді қатысып, көпшілікпен бірге тал отырғызды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT