Бүгін аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді.
Басқосудың негізгі мақсаты – еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен алдағы саяси реформалардың мәні мен маңызын сала қызметкерлеріне кеңінен түсіндіру болды.
Кездесу барысында коалиция жетекшісі А.Рахметов, коалиция мүшелері А.Бекішұлы, Н.Ателов жаңа Конституция жобасының басым бағыттарына тоқталып, оның мемлекет дамуы үшін стратегиялық рөлін атап өтті.

Жаңа өзгерістерді халыққа түсіндіруде мәдениет және білім саласы мамандарының белсенділігі маңызды екені атап өтілді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.



