Аудандық «Жалын» мәдениет үйіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін аудандық «Жалын» мәдениет үйінің директоры лауазымына Ислат Мақсот Мәлімқожаұлы тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімінің орынбасары Рашид Мұқанов таныстырып, жауапты қызметіне сәттілік тілеп, алдағы жұмысына табыс пен шығармашылық жетістіктер тіледі. Сондай-ақ мәдениет саласын дамыту жолындағы бастамаларына қолдау білдіріп, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

 

Ислат Мақсот Мәлімқожаұлы 1986 жылдың 19 сәуірінде Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылында дүниеге келген.

1992 жылы қазіргі Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектептің (бұрынғы Амангелді Иманов атындағы орта мектеп) 1-сыныбына қабылданып, 2003 жылы аталған білім ордасын тәмамдаған. 2003–2007 жылдар аралығында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Экономика және басқару факультетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2010 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Атырау қаласындағы «Атырау Вита Сервис» ЖШС-нің жалпы мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты және партияның Атырау қалалық филиалының консультанты қызметтерін атқарған.

2025 жылдың сәуір айынан бастап Н.Үлкенбайұлы атындағы ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып келді.
Өз сөзінде Ислат Мақсот Мәлімқожаұлы өзіне артылған сенім үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта аудан мәдениетінің дамуына бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. Сондай-ақ мәдениет саласын жаңа белеске көтеру, шығармашылық ұжымның әлеуетін арттыру және тұрғындардың мәдени сұраныстары мен рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді.

 


Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT