Аумақтық коалиция мүшелері Жалпы білім беретін Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп ұжымымен кездесіп, конституциялық реформаның мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында алдағы өзгерістердің негізгі бағыттары таныстырылып, реформаның қоғам дамуына ықпалы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Жиында Қазақстан Республикасының Конституциясы аясындағы жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту тетіктері, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік мәселелері қозғалды.

Мектеп ұжымы өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, қатысушылар реформаның ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.



