Исатай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында елді мекендердің тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Осы мақсатта «Таза Исатай» кәсіпорнының арнайы техникасы 21 қазан күні Х. Ерғалиев ауылының тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына кірісті.
Жаңа арнайы техника ауыл аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруға және санитарлық тазалықты сақтауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта арнайы техника аптаның бейсенбі және жұма күндері ауылға келіп, қоқыс контейнерлеріндегі тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын жүргізетін болады.
Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады!



