Азаматтық борыш – әркімге ортақ міндет

 

Жанбай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исатай ауданының Құрметті азаматы Мырзажан Балпанов өз азаматтық борышын орындап, №135 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

Мырзажан Балпанов еліміздің дамуы мен болашағына жауапкершілікпен қарау әр  азаматтардың парызы екендігін тілге тиек етті. Өз таңдауын жасау арқылы ол қоғам алдындағы борышын орындап қана қоймай, жас ұрпаққа үлгі көрсетті.

–Елдің ертеңі әрқайсымыздың бүгінгі шешімімізде жатыр. Сондықтан өз таңдауымды жауапкершілікпен жасадым, – деді Мырзажан Балпанов.

Аудандық ардагерлер кеңесі мен жергілікті қоғамдастық Мырзажан Балпанов сияқты азаматтардың белсенділігін жоғары бағалайды. Осындай үлгілі іс-қимылдар халықтың қоғамдық санасын көтеріп, ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT