Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен 86 жастағы Теміртас Игіліков бүгін Жанбай ауылындағы №135 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Ғұмырын маңдай термен еңбек етуге арнаған ардагер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді. Жасы үлкен болса да, ел болашағына бейжай қарамай, дауыс беруге арнайы келген Теміртас Игіліков өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындады.
Айта кетейік, №135 сайлау учаскесі Жанбай ауылындағы ауылдық клуб ғимаратында орналасқан


