Басқармаға – жаңа басшы

Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына Шманов Мейрамбек Тілекқалиұлы  тағайындалды.

Бүгін аудан әкімі Нұрым Мусин аппараттық жиын барысында басқарманың жаңа басшысын таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. 
Мейрамбек Тілекқалиұлы 1977 жылғы 7 қарашада Атырау облысы Индер ауданының Өрлік ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді маман. Алғаш Атырау мұнай және газ институтында білім алып, инженер-экономист мамандығын меңгерген. Кейін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде білімін жалғастырып, 2004 жылы экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Атырау облысы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы қызметінен бастаған. Содан бері мемлекеттік кірістер саласында мол тәжірибе жинақтап, түрлі жауапты лауазымдарда еңбек еткен.


Атап айтқанда, 2005–2010 жылдары Атырау облыстық Салық департаментінде бөлім басшысы, 2010–2011 жылдары Индер ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2012–2013 жылдары облыстық Салық департаментінде бөлім басшысы болып жұмыс істесе, 2014–2021 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасында бөлім басшысы болған.
2021 жылы Индер ауданы бойынша Салық басқармасын басқарған. Ал 2023 жылы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. 2023–2026 жылдары департаментте басқарма басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
Жаңа басшының мемлекеттік кірістер саласындағы көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі ауданның салықтық әкімшілендіру және мемлекеттік кірістерді қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарына оң ықпал етеді деп күтілуде.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT