“Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!” Коалиция мүшелері Абай атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесіп, алдағы референдум мен жаңа Конституция жобасының маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында ұстаздар қауымына Конституциядағы өзгерістердің ел дамуына, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғаны жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Жиын барысында мектеп ұжымы өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Коалиция мүшелері референдум – ел болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтіп, әр азаматтың белсенді қатысуы мемлекет дамуына оң ықпал ететінін жеткізді.

