Бірінші болып дауыс берді

 

Нарын ауылдық округіндегі  №138  сайлау  учаскесінде алғашқы дауыс беруші өз таңдауын жасады.

 Қарапайым еңбек адамы Болатбай Есмуханов учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне сәттілік тілеп, ауыл әкімін сайлауда алғашқы болып дауыс берді.

-Бұрын да мұндай саяси науқандарға келіп, өз таңдауымды жасап жүрмін. Бұл жолы да Қазақстан азаматы ретінде, ауыл тұрғыны ретіне өзіндік үлесімді қостым. Мұндай саяси науқандарға үн қосу әрбір саналы азаматтың парызы деп ойлаймын,-дейді ол.

 №138 сайлау  учаскесінің комиссия төрағасы Гүлбағила Ғабдісәлімқызының айтуынша, мұнда 698 дауыс беруші тіркелген.

 

Сағыныш Қайыр

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT