Бірлік бар жерде – тазалық бар

 

«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды әрі тағылымы мол жоба. Бұл акцияның мәні тек сенбілік өткізіп, қоқыс жинаумен шектелмейді. Оның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау және әр азаматтың туған жер алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы. Аула, көше, саябақ пен қоғамдық орындардың таза болуы тұрғындардың мәдениеті мен санасының деңгейін көрсетеді. Сондықтан әр адам өз үйінің маңын ғана емес, өзі өмір сүріп жатқан ортаны таза ұстауға үлес қосуы қажет.

«Таза Қазақстан» жобасы халықты ортақ іске жұмылдырып, табиғатты қорғаудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді. Әсіресе жастардың осындай шараларға белсенді қатысуы олардың бойында еңбекқорлықты, жауапкершілікті және туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Табиғатты аялау – болашаққа жасалған қамқорлық. Сондықтан тазалықты бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Таза ел мен көрікті мекен қалыптастыру өз қолымызда.


Нұрғабыл ДӘУЛЕТИЯР,
Тұщықұдық ауылының тұрғыны
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі механик

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT