Референдум күні Жанбай ауылында ерекше белсенділік байқалды. Атап айтқанда, шекара қызметінде қызмет атқарып жүрген сарбаздар да өз азаматтық борышын орындау үшін №135 референдум учаскесіне келді.
Жанбай шекара бөлімшесінің бастығы Береке Есенбай бұл сәттің маңыздылығын атап өтті:
–Қызметте жүрсек те, ел болашағы үшін шешім қабылдау сәтінде азаматтық ұстанымымызды білдірдік. Мұндай маңызды шешімді бүкіл халық болып қабылдау үрдісі әлемде сирек кездеседі. Дауыс беру құқығын осындай референдумда пайдалану біз үшін үлкен мәртебе және қуаныш болды,–дейді ол.

Оның айтуынша, учаскеге барлығы 31 сарбаз келіп, өз таңдауын жасады. Бұл оқиға шекара қызметінің азаматтық белсенділігін және елдің дамуына қатысуға деген жауапкершілігін айқын көрсетеді.


