Болашақ үшін берілген дауыс

 

Зинеден ауылдық округіндегі Юрий Гагарин атындағы орта мектепте орналасқан №136 референдум учаскесінде Исатай ауданының Құрметті азаматы Уахит Адилов өз таңдауын жасады. Ардагер учаскелік референдум комиссиясының мүшелеріне сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты жалпыұлттық референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

–Ел өміріндегі маңызды бастамалардан шет қалмай, өз таңдауымды білдіруді азаматтық міндетім деп санаймын. Себебі бұл болашақ үшін берілген дауыс. Сондықтан бүгінгі референдумға арнайы келіп, дауыс бердім. Әрбір азамат ел тағдырына қатысты осындай саяси науқандарға белсенді қатысуы керек деп ойлаймын,-деді Уахит Адилов.

Учаскелік комиссия мүшелері алғашқы дауыс берген еңбек ардагеріне арнайы сыйлығын тапсырып, құрмет көрсетті.

Комиссия төрағасы Айсулу Саткалиеваның айтуынша, №136 референдум учаскесінде 749 дауыс беруші тіркелген. Учаскеде тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT