Исатай ауданындағы №139 сайлау учаскесінде алғашқы болып дауыс берген Салиқова Жаңылсын әжеге арнайы сыйлық табысталды.
Жаңылсын әже таңертең ерте сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Осы орайда учаске ұйымдастырушылары алғашқы дауыс берушіге сый-құрмет көрсетіп, естелік сыйлығын ұсынды.
Айта кетейік, №139 сайлау учаскесінде барлығы 952 сайлаушы тіркелген. Бүгінде тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты азаматтық таңдауын жасауда.


