Әділ қоғам құрудағы басты кедергі – жемқорлық

ашық дереккөзден

 

Әділ қоғам – заң үстемдігі сақталған, азаматтардың құқығы қорғалатын және баршаға тең мүмкіндік берілетін қоғам. Мұндай қоғамда әр адам өзінің еңбегі мен қабілетінің арқасында жетістікке жетеді. Алайда әділ қоғам құру жолындағы ең үлкен кедергілердің бірі – жемқорлық.

Жемқорлық – қызметтік өкілеттікті жеке басының пайдасы үшін пайдалану. Ол қоғамның дамуын тежеп, мемлекетке және халыққа үлкен зиян келтіреді. Жемқорлықтың салдарынан әділдік қағидаты бұзылып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімі азаяды. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, қаржы және құқық қорғау салаларындағы сапа төмендейді.

Жемқорлықтың негізгі себептеріне құқықтық сауаттылықтың төмендігі, жеке пайдаға ұмтылу, қоғамдық бақылаудың әлсіздігі және заң талаптарының толық орындалмауы жатады. Сондықтан бұл мәселемен күресу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс.
Әділ қоғам қалыптастыру үшін ең алдымен заңның үстемдігін қамтамасыз ету қажет. Әрбір азамат заң алдына тең болуы керек. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен есептілігі күшейіп, цифрлық қызметтерді дамыту арқылы адам факторын азайту маңызды. Сонымен қатар жастарды адалдыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу- жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. «Адал азамат – әділетті қоғамның негізі». Әрбір азамат пара беруден де, пара алудан да бас тартып, заң талаптарын сақтағанда ғана қоғамда әділдік орнайды.


Күмісгүл ҒАЛЫМОВА,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT