«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аудандық коалиция мүшелерінің Зинеден ауылындағы Гагарин орта мектебі ұжымымен кездесуі

 

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аудандық коалиция мүшелері Зинеден ауылындағы Гагарин орта мектебінің педагогикалық ұжымымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер, білім саласына қатысты жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған нормалар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар мұғалімдердің мәртебесін арттыру, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру ісіндегі заңнамалық қолдаулар да сөз болды.

 

 

Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, мектеп ұжымы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, референдумның ел болашағы үшін маңыздылығы атап өтілді. Мұндай кездесулер қоғамның әр саласындағы азаматтардың белсенділігін арттырып, бірлік пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT