Жанбайлық дәрігерлер Бекет Нұхы мен жұбайы Әнел Жәңгір №135 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Жанбай дәрігерлік амбулаториясының басшысы әрі дәрігер Нарын ауылдық округінің учаскелік аға дәрігері Бекет Нухы мен дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Әнел Жәңгір маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық борыштарын орындауға арнайы келді.
Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, елдің болашағына қатысты шешім қабылданатын мұндай маңызды сәтте әр азамат өз таңдауын жасап, қоғамдық өмірге белсенді араласуы қажет.
— Біздің басты міндетіміз – халық денсаулығын қорғау. Ал бүгінгі референдум – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды қадам. Сондықтан біз де өз таңдауымызды жасауға келдік, – дейді олар.
Дәрігерлер отбасының бұл қадамы қоғамдағы жауапкершіліктің, ел болашағына деген жанашырлықтың айқын көрінісі болды.

