Новобогат ауылындағы №129 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтуде. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға алғаш рет қатысып отырған жас сайлаушылардың бірі – Бауыржанқызы Аяулым.
2008 жылғы 26 маусымда дүниеге келген Аяулым биыл сайлауға алғаш рет қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Жас сайлаушы үшін бұл күн – елдің қоғамдық-саяси өміріне алғаш қадам басқан ерекше сәт.
– Бүгін мен үшін ерекше күн. Алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Елдің болашағы біз сияқты жастардың да таңдауына байланысты деп ойлаймын. Сондықтан азаматтық құқығымды пайдаланып, дауыс беруге келдім, – деді Аяулым.
Жастардың сайлау процесіне белсенді қатысуы – олардың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді. Ал Аяулымның алғашқы дауыс беруі қатарластарына да азаматтық белсенділік танытуға үлгі болмақ.
Айта кетейік, Новобогат ауылындағы №129 сайлау учаскесінде 1055 дауыс беруші тіркелген.



