Ел болашағына үн қосқан ардагер

 

Нарын ауылдық округіндегі №138 сайлау учаскесінде дауыс беру науқаны таңғы уақыттан қызу жалғасуда. Мұнда 700 сайлаушы тіркелген. Ауыл тұрғындары ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасау үшін сайлау учаскесіне белсенді келіп жатыр.

Солардың қатарында Нарын ауылдық округі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазбек Ғабит те өз таңдауын жасады. Ғибратты ғұмырымен ауылдың қоғамдық өміріне араласып жүрген ардагер үшін сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

Қазбек Ғабит өз дауысын беріп, елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әр азаматтың сайлау науқанына қатысуы маңызды екенін атап өтті.

№138 сайлау учаскесінде дауыс беру белгіленген тәртіпке сай жалғасуда. Ауыл тұрғындары өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруде.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT