№130 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау күні елдің ертеңі мен ұрпақ болашағын ойлаған сайлаушылар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Солардың қатарында мемлекеттік қызмет саласында көп жыл еңбек етіп, ел дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген Мүтиғолла Насиханов та бар.
Мүтиғолла Атоллаұлы өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға азаматтық үлесін қосты. Ол мемлекеттік қызметтегі көп жылғы жемісті еңбегімен қатар, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын зерттеп, өлкетану бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Туған жердің тарихын, елге еңбегі сіңген тұлғалардың өнегелі жолын насихаттауға үлес қосып жүрген азамат үшін елдің болашағына бейжай қарамау – маңызды міндет.
Сайлау учаскесіне келген тұрғындар елдің дамуы мен тұрақтылығына өз үлестерін қосып, азаматтық таңдауларын жасады. №130 сайлау учаскесіндегі бұл күн ел болашағына деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісіне айналды.


