Исатай аудандық ауруханасының жаңа басшысы тағайындалды

 

Ахметжанов Руслан Исатай аудандық ауруханасының басшысы болып тағайындалды.

Руслан Ахметжанов 1980 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. 2012 жылы «Емдеу ісі» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын Бурабай аудандық емханасында, Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе аудандық орталық ауруханасында, Атырау қаласындағы №4 қалалық емханада және «Медикер Жайық» медициналық ұйымында басшылық қызметтер атқарған.

2022 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан облысындағы Казталов аудандық ауруханасының директоры қызметін атқарды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT