Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде – жаңа басшы

 

2026 жылғы 24 қыркүйектен бастап Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының бұйрығымен Исатай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды.

Абдуллин Бағдат Исатаевич 1985 жылғы 4 қазанда Гурьев облысы Новобогат ауданының Чапаев ауылында дүниеге келген.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

* 2007–2013 жылдары – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Исатай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде инженер, бас маман;
* 2013–2020 жылдары – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;
* 2020 жылы – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;
* 2020–2024 жылдары – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Исатай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;
* 2024–2026 жылдары – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT