Исатай аудандық Жастар мәслихатының депутаты елдік таңдауын жасады

 

Жанбай ауылдық округіндегі №135 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлаушылар таңертеңнен бастап учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау учаскесіне Исатай ауданы Жастар мәслихатының депутаты Нұхы Бекет Ғалымжанұлы да келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

Ғалымжан Нұхы Бекет – медицина саласында еңбек етіп жүрген жас маман. Ол Жанбай дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері, Нарын ауылының учаскелік дәрігері, сондай-ақ Исатай аудандық орталық ауруханасында пульмонолог дәрігер қызметін атқарады.

Жас дәрігер әрі Жастар мәслихатының депутаты үшін ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

– Сайлауға қатысу – әр азаматтың өз таңдауын білдіруге берілген мүмкіндігі. Жастар да елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, өз ұстанымын білдіруі қажет деп есептеймін. Бүгін өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындадым. Ел болашағы үшін қабылданатын шешімдер халықтың мүддесіне қызмет етсе екен деп тілеймін, – деді ол.

Айта кетейік, Жанбай ауылдық округіндегі №135 сайлау учаскесінде 1849 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT