Исатай ауданы әкімінің орынбасары өз таңдауын жасады

 

Исатай ауданындағы №140 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы жалғасуда. Таңертеңнен бері учаскеге тұрғындар келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасап жатыр.

Сайлау учаскесіне Исатай ауданы әкімінің орынбасары Рашид Мұқанов та келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Ол азаматтық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасады.

 

 

– Сайлау – ел өміріндегі маңызды саяси науқанның бірі. Әр азаматтың өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамауы маңызды. Бүгін мен де азаматтық міндетімді орындап, өз дауысымды бердім. Құрылтай депутаттары халықтың мүддесін қорғап, елдің дамуына үлес қосады деп сенемін,-деді Рашид Мұқанов.

 

 

Айта кетейік, №140 сайлау учаскесінде барлығы 1226 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT