Исатай ауданында дауыс беру учаскелері жабылды

 

Бұл туралы аудандық референдум учаскесінің комиссия төрағасы Қабыл Ғұбашев мәлім етті.

«Исатай ауданында барлығы 15 референдум учаскесі бар. Маңызды саяси науқанға қатысуға 15 478 азамат тіркелген. Енді дауыстарды санау басталды. Бұл 12 сағатқа созылады. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады» деді референдум комиссиясының төрағасы бізбен әңгімесінде. 

 

 

Айта кетейік, бұл күні дауыс берушілерге «БАҚ-та 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды. Азаматтар ұсынылған өзгерістерге қатысты өз таңдауларын білдіріп, елдің саяси дамуына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысты.

 

 

Жайна ИСЛАТ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT