Исатай ауданында Жолдау бастамалары жастармен талқыланды

 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы – еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айқындайтын стратегиялық мәні зор құжат. Онда мемлекеттілікті нығайту, халықаралық аренадағы беделді арттыру, сондай-ақ саяси жүйені жаңғырту бағытындағы басымдықтар нақты айқындалған.

Осы маңызды құжатта айтылған бастамаларды түсіндіру және жастардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясы мүшелерінің жастармен экспромт-кездесуі өтті. Бас қосуға Коалиция жетекшісі А.Рахметов және мүшесі А.Жұмабекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Насимуллин қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген парламенттік реформалардың мән-маңызына тоқталып, оның ел дамуына берер серпіні туралы ой бөлісті. Аманжол Рахметовтің айтуынша, парламенттік реформа – саяси жүйені жетілдірудің негізгі тетігі.

 

 

–Бұл – жай ғана құрылымдық өзгеріс емес, билік пен қоғам арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда саяси күштердің барлық ресурсы осы түйінде тоғысып, ашық әрі тиімді шешімдер қабылданады, – деді ол.

Жастар өз кезегінде жергілікті деңгейдегі саяси процестерге қатысу, заң мен тәртіп аясырда, сөз бостандығы жөнінде сауалдарын қойды. Спикерлер жастардың ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмайтынын, керісінше, өңірлік саясатты жетілдіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT