Исатай ауданының Құрметті азаматы Уахит Адилов өз таңдауын жасады

 

Зинеден ауылдық округіндегі №136 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап тұрғындар учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда.

Сайлаушылар қатарында Исатай ауданының Құрметті азаматы, мұнай-газ саласының  ардагері Адилов Уахит те бар. Ол ұзақ жылдар бойы мұнай-газ саласының геология бағытында еңбек етіп, өндіріс саласының дамуына өз үлесін қосқан. Бүгінде ел ағасы ретінде қоғамдық өмірге белсенді араласып келеді.

Уахит Адилов №136 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.

– Сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды сәт. Сондықтан халықтың таңдау жасауы, елге пайдасы тиетін, халықтың мұң-мұқтажын жеткізе алатын азаматтарға дауыс беруі маңызды деп ойлаймын. Құрылтайдың жұмысы елдің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады деп сенемін. Барша тұрғындарды өз азаматтық таңдауын жасауға шақырамын, – деді ардагер.

Айта кетейік, №136 сайлау учаскесінде барлығы 758 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT