Исатай ауданында Конституциялық референдумды қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы орайда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аудандық коалиция мүшелері Исатай аудандық зейнеткерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған нормалар, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті нығайту мәселелері талқыланды.

Зейнеткерлер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Аудан тұрғындарына жаңа өзгерістердің мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді.



