Іскер әйелдер ел болашағына бейжай қарамады

 

Исатай ауданындағы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері бүгін аудан орталығындағы №133 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Учаскеде барлығы 1396 дауыс беруші тіркелген.

Аудан бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы 2023 жылы құрылып, кәсіпкерлікпен айналысатын, депутаттық қызмет атқаратын және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын әйелдерді бір арнаға біріктіріп келеді. Қауымдастық мүшелері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға өз үлестерін қосып жүр.

Қауымдастық төрайымы, кәсіпкер Ақмарал Тахаева да дауыс беріп, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасау әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

– Бүгінгі дауыс беру – әр азаматтың өз ұстанымын білдіретін маңызды сәт. Іскер әйелдер қауымы қоғамның белсенді бөлігі ретінде елдегі өзгерістерге бейжай қарамайды. Біз кәсіпкерлікпен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып, ауданымыздың дамуына үлес қосуға тырысамыз. Өз таңдауымызды жасап, елдің болашағына деген азаматтық жауапкершілігімізді таныттық. Әр адамның дауысы маңызды, сондықтан тұрғындарды өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, сайлауға белсенді қатысуға шақырамы,– деді Ақмарал Мәдиқызы.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT