Үйден дауыс беріп, азаматтық үнін жеткізді

 

№139 сайлау учаскесінде барлығы 952 дауыс беруші тіркелген. Сайлау учаскесіне денсаулығына байланысты келе алмайтын азаматтар үшін де дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

Атап айтқанда, 20 азамат үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Олардың қатарында жасы 90-нан асқан ардагерлер мен денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын тұрғындар бар.

Сайлау комиссиясының мүшелері өтініш білдірген азаматтардың үйлеріне барып, олардың өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына жағдай жасап жатыр. Бұл – әр азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды шара.

Осылайша, №139 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі барлық азаматтарға қолжетімді форматта ұйымдастырылуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT