banner_damu

Көпті риза еткен күн

Жанбайлықтар да әз Наурызды қуанышпен қарсылады. Ұлттық мейрамға арналып, ауылдастарға ол туралы түсініктер беріп, халқымыздың салт-дәстүрін танып-білу арқылы құрметтеуге үндеуді мақсат тұтқан ауылдық шара «Мерекелі, берекелі Наурыз той!» деген атаумен ауылдағы мәдениет үйінде өткізілді.

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күнін паш етейік

Белгісі достық пенен мәңгіліктің, - деп келетін әдемі жыр жолдарымен бастау алған наурыздың 21-індегі бұл шараның көрнекілігі қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдары, алтыбақан, тағы басқалары болды.

Мерекелік сазды әдеби-музыкалық қойылым түрінде ұйымдастырылған шарада спорттық ұлттық ойындар өтті, халық әндері мен билеріне кезек берілді, Қыдыр атаны қол соға қарсылаған көпшілк бата-тілектен де құр қалмады. Ауылдық округ әкімі Дидар Есмұханов құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік ізгі ниетін білдірген думанды басқосуда әжелердің әуелете салған әні жиналғандарды бір желпінтіп тастаса, әнші-биші ауыл жастарының өнері, тамашалаушылары аз болмаған ұлттық ойындар, рет-ретімен жүріп жатқан мерекелік көріністер көпшілікті бек риза етті. Әжелер салған әуезді әнмен қорытындыланған ауылдағы мерекелік шара соңы:

Ой қосылсын ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа.

Аман-есен жетейік

Келесі Наурыз тойына! - деген ауылдастарға ортақ ақ тілекпен аяқталды.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика