Қайырымдылық – жүректен

 

Наурызнаманың екінші күні де өзіндік мән-маңызға ие еді. Қайырымдылық күні атауын иеленген бұл күн – Наурызнама онкүндігінің маңызды мазмұндық бағыттарының бірі. Бұл күн адамдарды жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қамқор болуға үндейді. Еліміздің көптеген өңірінде қайырымдылық жәрмеңкелері, әлеуметтік акциялар мен еріктілер қозғалысының шаралары ұйымдастырылады. Осы күні көп балалы отбасыларға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және тұрмысы төмен жандарға көмек көрсету де игі дәстүрге айналып келеді.

Жалпы қазақ қоғамында қайырымдылық ұғымы ежелден ерекше мәнге ие. «Жылу жинау», «Асар» секілді дәстүрлер халықтың бір-біріне сүйеніш болып, қиындықты бірге еңсеру мәдениетін де қалыптастырған. «Қайырымдылық күні» де сол ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, қоғамдағы өзара қолдау мен жанашырлық рухын нығайтуға қызмет етіп келеді.

Өзге де жерлердегідей, осы күні аудан орталығы мен ауылдардағы шаралар ауыл тұрғындарын игі істерге жұмылдырып, өзара көмек пен жанашырлықты арттыруға үндеді, ұлттық бірлік пен әлеуметтік жауапкершілікті күшейту арқылы қоғамдағы татулықты арттыруға бағытталды, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас буынға ата-бабадан мұра болып қалған ас дайындау дәстүрін де үйретуді қолға алды. Сондай-ақ қайырымдылықты паш еткен мәдени шаралар мен жәрмеңкелер де ұйымдастырылды.

Сол күні «Жүректен жүрекке» акциясы аясында «Қамысқала» мешітінің жамағаты ерікті түрде мұқтаж жандарға өз қолдауларын көрсетті. Игі іс барысында аз қамтылған көп балалы отбасыларына азық-түлік себеттері таратылып, көмектер көрсетілді». «Бұл шара Наурыз мерекесінің басты құндылықтарының бірі саналатын мейірімділік пен жанашырлықты, бірлікті дәріптеуге бағытталған» дейді оны ұйымдастырушылар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT