Бүгін Жалпыұлттық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Коалициясының мүшелері Қамысқала ауылының тұрғындарымен кездесті.
Коалиция мүшелері жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты – адам мүддесін алдыңғы орынға қоятын, заң үстемдігі мен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін әділетті әрі жауапты мемлекет құру екенін жеткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Бұл маңызды саяси оқиға әрбір азаматқа ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

