Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына орай «Күй өнерінің Қаршығасы» атты облыстық жас орындаушылар байқауы өтті.
Байқауға 13-17 жас аралығындағы өңірдің дарынды домбырашылары қатысып, екі кезең бойынша өнер көрсетті.
Осылайша айтулы додада 9 қатысушы өзара бақ сынасты. Атап айтсақ, Жылыойлық – Парасат Қайратұлы, атыраулық Ұлас Абзалұлы, Нұрхан Дарханұлы, махамбеттік Ақниет Қайырбекұлы, исатайлық– Равиль Еркебұланұлы, Алижан Ғибатоллаұлы,
мақаттық Есендос Ринатұлы, атыраулық Нұркен Нурлыбекұлы, құрманғазылық – Нұрдаулет Ерланұлы.
Қазылар алқасы құрамында ҚР Мәдениет қайраткері Құттыгерей Дүйсеев және Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы домбырашысы Шарипа Жаменова болды.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Жылыойлық Тарих Парасат Қайратұлы мен исатайлық Бисенғали Алижан Ғибатоллаұлы еншілесе, ІІ орынды Құрманғазы ауданынан Нұрланов Нұрдәулет Ерланұлы иеленді. Ал І орын Атырау қаласынан Нұрберген Нұрхан Дарханұлына бұйырды. Көрерменнің ерекше ықыласына бөленген атыраулық Абзалұлы Ұлас бас жүлдені қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы қаржылай сертификаттар табысталды.

